Шелл Казахстан компаниясы туралы ақпарат

«Шелл плс.» (бұдан әрі – «Шелл») – мұнай мен табиғи газды барлау, өндіру, қайта өңдеу және маркетингін жасау, сондай-ақ мұнай-химия өнімдерін өндіру және сату саласында маманданған халықаралық энергетикалық концерн. Штаб-пәтері Лондон (Ұлыбритания) қаласында орналасқан. «Шелл» әлемнің 70-тен аса елінде жұмыс жүргізеді және дүние жүзі бойынша 85 000-нан астам қызметкерді біріктіреді. Shell Global
Компания энергетикалық өтпелі кезеңнің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін озық технологиялар мен инновациялық әдісті қолданады. Сонымен қатар, концерн электр энергиясын өндіруге, соның ішінде жел және күн энергиясы секілді төмен көміртекті қуат көздеріне және биоотын мен сутегі секілді көлік құралдарына арналған отындарға инвестиция жасайды.
Шелл Казахстан
90-шы жылдардың басында компания елдің көмірсутек ресурстарын бағалауға атсалысып, Қазақстандағы өз орнын белгілеген алғашқы шетелдік инвесторлардың қатарында болды және мұнай-газ секторының дамуында жетекші роль атқарды.

«Шелл» концерні Қазақстанда келесі жобаларға қатысады:
Сайтқа өту
Сайтқа өту
Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі – 7,4%)
Барлау
Қазақстан Республикасы Шелл концерны үшін стратегиялық маңызы бар ел болып саналады, бұл көпжылдық әріптестік пен елдің энергетика секторын дамытуға деген ортақ ұстанымды көрсетеді. Ақтөбе облысындағы терең тұзасты құрылымдарының әлеуеті бар Жанатұрмыс лицензиялық блогы Қазақстандағы Шелл компаниясының барлау қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Шелл жер қойнауының геологиялық құрылымын тереңірек түсіну және болашақ барлау шешімдерін қолдау мақсатында 2D және 3D сейсмикалық зерттеулердің біріктірілген бағдарламасын дайындауда.
ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР ПОРТФЕЛІ: ҚОҒАМҒА ҚОСҚАН ҮЛЕС
«Шелл Қазақстан» өзі жұмыс жүргізетін өңірлердің қоғамына ұзаққа созылатын әсер қалдыруға ұмтылады. Стратегиялық инвестициялар мен серіктестіктер арқылы «Шелл» Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және негізгі инфрақұрылым салаларын дамытатын бастамаларды қолдайды. Өнімді бөлу туралы келісімнің (ӨБК) міндеттеріне сәйкес «Шелл Қазақстан» капиталдық шығындардың бір бөлігін әлеуметтік инфрақұрылым жобаларына бағыттайды. Қазірге дейін ҚПО және НКОК маңызды аймақтық бастамаларға 1,3 млрд АҚШ долларын инвестиция ретінде жұмсап, жергілікті халықтың өмір сапасын жақсартты. 
«Шелл Қазақстан» компаниясының 2025-2027 жылдарға арналған Ерікті Әлеуметтік инвестициялары (ӘИ) білім беру, дағдылар қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту салаларына зейін қойып, адамдардың құқықтарын кеңейтіп, ұзақ мерзімдік экономикалық төзімділікті арттырады. Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі ретінде «Шелл» тұрақты прогресті қамтамасыз етуге және өзі қызмет ететін қоғамдастықтармен байланысын нығайтуға бейілділігін жалғастырады.
NXplorers
Күрделі мәселелерді шешу үшін оқушылар мен мұғалімдерді сыни және шығармашыл ойлау дағдыларымен жабдықтауға бағытталған «Шеллдың» флагмандық бағдарламасы. 2023 жылдан бастап бағдарлама «Шелл Қазақстан», Оқу-ағарту министрлігі және жүзеге асырушы серіктес арасындағы Өзара түсінушілік туралы меморандум арқылы Республикалық экологиялық олимпиада түрінде республикалық деңгейде жүзеге асырылатын болады.
Бүгінге дейін бағдарламаға 11 900 ден астам оқушы және 1989 мұғалім қатысты. 
Shell LiveWIRE
Бағдарлама тұрақты дамуды ілгерілету мақсатында шағын және орта кәсіпкерлерді негізгі ресурстармен, сарапшылық бағыт берумен, және стратегиялық қолдаумен қамтамасыз ету арқылы олардың мүмкіндіктерін арттырады. «Шелл» концернінің 40 жылдан астам тарихы бар жаһандық бастамасы 20 елде қызмет етіп, кәсіпкерлік пен жергілікті экономикалық дамуға үлесін қосады.
Қазақстанда 2018 жылы ашылған бағдарлама консультациялық қызметтерді бірлесіп қаржыландыру, басым тақырыптар бойынша тренингтер өткізу, іскерлік байланыстарды орнатуға көмектесу, жеке коучинг және кәсіпкерлерді жобадан кейінгі қолдау арқылы жергілікті кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейте түсті. Құрылғаннан бері 3841-нан астам кәсіпкер қаржылық емес қолдауға ие болды, 1151-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.
Batys Agro-Hub
Қазақстанның батыс өңірлеріндегі қоғамның осал топтары мүшелерін қолдауға арналған жұмыс мамандықтарына даярлау бастамасы. Бағдарлама 34 қатысушыны қамтып, жылыжай шаруашылығы, маркетинг және бизнес‑жоспарлау бағыттары бойынша практикалық оқытуды ұсынды. Бұл ауыл шаруашылығы саласында білікті әрі төзімді кадрлық әлеуетті қалыптастыруға ықпал етті.
Негізгі нәтижелердің бірі ретінде, үздік нәтиже көрсеткен 10 қатысушыға жылыжайлар салу және ауыл шаруашылығы саласында өз микро‑бизнесін іске қосу үшін бастапқы қаржыландыру берілді. Бұл бастама кәсіпкерлікті дамытуға және экономикалық дербестікті нығайтуға мүмкіндік жасады.
ENI компаниясымен серіктестікте жүргізілетін Batys Agro-Hub бағдарламасы Ақсай қаласының ауыл шаруашылығы секторын нығайтуда маңызды рөл ойнайды. Қатысушыларды қажетті ресурстармен және дағдылармен жабдықтай отырып, бұл бастама өзін-өзі қамсыздандыру мүмкіндіктерін арттырады және жаңа экономикалық мүмкіндіктерді ашады. Сонымен қатар ол өңірдегі экономиканы мұнай-газ саласынан бөлек түрлендіру арқылы ұзақ мерзімдік аймақтық тұрақтылықты нығайтады. 
Shell Эко-марафон
2017 жылдан бастап «Шелл Қазақстан» компаниясы Қазақстан студенттері командаларының осы сайысқа Азия-Тынық мұхиты және Таяу Шығыс аймағы бойынша қатысуына қолдау көрсетіп келеді. Жыл сайын осы жаһандық байқауда энергия тиімділігі жоғары автокөліктің жұмыс моделін дербес дайындап көрсететін үш қазақстандық команда еліміздің мүддесін қорғайды.
«Шелл Қазақстан» компаниясының бұрынғы ӘИ жобалары.
Мектептерге күн энергиясы
«Шелл Қазақстан», Назарбаев Зияткерлік мектептерімен ынтамақтастық құра отырып, ҚР Энергетика министрлігі және Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен 2018 жылы Астана қаласында «Мектептерге күн энергиясы» жобасының пилоттық нұсқасын іске қосты. Бес қалада үйлестірілген жасыл энергияның шағын масштабты жүйелерін әзірлеуге бағытталған бұл бастама қазақстандық жастарды ғылымға, технологияға, инновацияларға және кәсіпкерлікке қызықтырады және Қазақстанның Энергетикалық өту туралы кең ақпарат береді. Жоба Астана, Орал, Атырау, Ақтау және Түркістан қалаларындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне пайдасын тигізді. Әр мектепте 100 кВт күн энергиясын өндіретін жүйе орнатылды. Бұл жүйелер мектептердің нақты қажеттіліктерін өтеуге арналып, жылдық қуат шығынын 30%-ға қысқартты, ал артылған энергия қалалық желіге жіберілді.
ORLE
2021 жылы бастау алған ORLE жобасы Батыс Қызықстан облысындағы халықтың осал топтарына шаруа қожалығы (жылыжай ұстау), қолөнер, қарапайым маркетинг және бизнес-жоспарлау тақырыптарында оқыту курстарын ұсыну арқылы қолдау көрсетеді. Сондай-ақ микро-бизнестерге бастапқы қаржыландыру ұсынылды. Екі кезең барысында 118 адам оқытылып, 17 бенефициарға шаруа қожалығы және 15 қолөнер бизнесін бастағандарға бастапқы қаржыландыру берілді.
ORLE Tech
2022 жылы Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында іске қосылған жоба жастар арасындағы осал топтарға арналған веб-дизайнер (Tilda және WordPress сайттарын құру) және бағдарламалық жасақтаманы тестілеу секілді заманауи цифрлық мамандықтарды игеруге мүмкіндік берді. Жобаға 268-ден астам жас жеткіншек тіркеліп, 121 қатысушы курстарды аяқтады, ал олардың 74-і веб-мастер және 47-сі бағдарлама тестілеуші мамандықтарын иеленді. Үздік 27 студент алғашқы коммерциялық келісімдерін жасады.
Student Energy Challenge
ЭКСПО-2017 кезінде басталған зияткерлік командалық жарыс. Жоба университеттер мен колледж студенттері арасында инновациялық ғылыми жобаларды ынталандыруға бағытталған. Ол басталғаннан бері байқауға университеттердің 423-ден астам студенттік командалары мен 90-нан астам колледж командалары қатысты. Жеңімпаздарға өз жобаларын одан әрі дамыту үшін гранттар, оқу стипендиялары және тағылымдамалар ұсынылды.
Мұнай және газ саласындағы оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі салалық бастама
«Шелл Қазақстан» мұнай-газ саласындағы оқу бағдарламаларын жетілдіру мақсатында ұлттық техникалық университеттермен белсенді ынтымақтастық жүргізді. Бұл жобаға Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ университеті бастамашылық етіп, оған Колорадо тау-кен ісі мектебінің академиялық бағдарламасы енгізіліп, профессорлық-оқытушылық құрамын ғылым кандидаты дәрежесіне жетуіне қолдау көрсетіліп, сонымен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге және «Шелл» сарапшыларының қонақ дәрістерін өткізуіне сабақтастық етті.
Батыс Қазақстан агротехникалық университетімен (БҚАТУ) ынтымақтастық
2022 жылы «Шелл Қазақстан» және БҚАТУ серіктестік құрып, «Химиялық инженерия» мамандығы бойынша оқу бағдарламасын жаңартып, оны заманауи салалық стандарттарға сәйкестендірді. Бұл жоба түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға, халықаралық инжинирингтік компаниялардың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының сапасын және мамандыққа тапсыратын талапкерлер санын арттыруға бағытталды.
Жол қауіпсіздігін нығайту жобасы 
Eni компаниясымен бірлескен, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің дұрыс іс-қимылдарын қалыптастыру арқылы БҚО-да жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бағдарлама. 2019 жылы БҚО әкімдігімен қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында қолға алынған бұл бастама халықты хабардар етуге, оқытуға және инфрақұрылымды қолдауға баса назар аударады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері ақпараттандыру науқандарына 165 000-нан астам адам, оның ішінде мектеп оқушылары да қамтылды. 950-ге жуық мұғалім арнайы әзірленген оқу-әдістемелік материалдарды қолдануға үйретілді. Сондай-ақ жергілікті полиция, төтенше жағдайлар қызметі, ҮЕҰ қызметкерлеріне және жергілікті автопарктер мен таксопарктердің 2750-ден астам жүргізушісіне оқытулар өткізілді. Бұдан бөлек, полицияға жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша үш мобильді ойын алаңы тапсырылып, жол-көлік оқиғаларының түпкі себептерін анықтауға және олардың алдын алу шараларын қабылдауға көмектесетін өңірлік жол апаттары карталары әзірленді.
Өндіруші сектордың ғылыми-технологиялық даму жол картасы 
Елдің инновациялық даму бағдарламасына қолдау ретінде «Шелл» концерні серіктестердің белсенді қатысуымен Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші секторының ғылыми-технологиялық даму жол картасын жасау жұмысын басқарды. Осы ұжымдық жобаның аясында жаңа технологияларды енгізуге бағытталған сектордың технологиялық және инновациялық даму бағдарламасы әзірленді, бұл мұнай өндіру деңгейін көтеріп қана қоймай, елдегі жаңа мұнай-газ ресурстарын ашуға көмектеседі. Жол картасы 2013 жылғы мамыр айында ұсынылды және Қазақстанның Тұңғыш Президенті оны жүзеге асыру үшін бекітті. 
«Шелл» концерні мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жаңа ресурстарды іздеу, кен орындарын игеру және барынша аз шығындармен көмірсутектерді өндіру үшін маңызды мәнге ие геохимиялық зерттеулер саласындағы келешегі бар бағытты дамытумен байланысты басым міндеттердің бірін шешу мақсатында пилоттық жобаны іске қосып, Жол картасын жүзеге асыруға бірінші болып кірісті.
12 ай ішінде «Шелл» сарапшылары қазіргі заманғы геохимиялық зертханалық кешенді әзірлеп, жасап шығарды. Оның ресми ашылуы 2015 жылғы 13 сәуірде Атырау қаласында өтті. Зертхана «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны – «КаспийМұнайГаз» компаниясына тапсырылды. 
Концерн бірегей жабдықты сатып алуға және пайдалануға енгізуге қаражат бөлді, зерттеулердің сапасы мен дәлдігінің ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін тұрақты сараптамалық қолдау көрсетті және жергілікті мамандар үшін Нидерланды мен Ұлыбритания елдерінде тренингтер ұйымдастырды. 
Зертханалық кешен барлау, игеру және өндіру саласында геохимиялық зерттеу жүргізу бойынша коммерциялық қызметтер көрсетеді. Мұнай-газ секторының алдында тұрған аса маңызды міндет кен орындарындағы барлауды, игеруді және өндіруді ең үнемді тәсілмен жүргізу болып табылады.
Бүгінде зертхана Қазақстанның мұнай-газ секторы компаниялары үшін жоғары сапалы геохимиялық талдауларды өздігінен жүргізеді, ал жақында нарыққа бірегей қызметтерін ұсынып, халықаралық деңгейге шықты. 
2018 жылғы желтоқсанда ЭЫДҰ Табиғи ресурстарды игеру мәселелері бойынша өзінің 11-ші сессиясын шақырды. «Шелл» компаниясының геохимиялық зертханасын құру жөніндегі жобасы ЭЫДҰ-ның жергілікті қамтуды дамыту бойынша әлемдік озық тәжірибелердің жинағына енгізілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және құндылықтар
  • Подробнее
  • Подробнее
Келісімшарттар және Келісімшарттар жасасу
Название работ: [Поставка специализированного оборудования / Услуги мониторинга]
[Номер тендера, например TND-2026-001]
Скачать тендерную документацию (PDF/DOCX)
Подробнее (на отдельную страницу при необходимости)
Название работ: [Поставка специализированного оборудования / Услуги мониторинга]
[Номер тендера, например TND-2026-001]
Скачать тендерную документацию (PDF/DOCX)
Подробнее (на отдельную страницу при необходимости)
Название работ: [Поставка специализированного оборудования / Услуги мониторинга]
[Номер тендера, например TND-2026-001]
Скачать тендерную документацию (PDF/DOCX)
Подробнее (на отдельную страницу при необходимости)
Жаңалықтар
ПРИМЕР
    Байланыс
    Астана қ., Қабанбай батыр к. 1
    «St.Regis» БЦ, «Шелл Қазақстан» офисі
    Телефон: +7 7172 555 444
    Почта: SKD-Astana-Office@shell.com
    Made on
    Tilda